Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде білім және ғылым саласы қалай дамуда

Опубликовано:

Кітапхана
Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үшін білім мен ғылым саласы ерекше назарда. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында осы салалардағы мәселелерді шешу бойынша кешенді әрі нақты шараларды қамтыған. Аталмыш бағыттарды дамыту бойынша қандай істер атқарылғанын мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында баяндады.

Кейінгі жылдың ішінде мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында ұсынылған шаралар сапалы және нәтижелі орындалып, миллиондаған балалардың өміріне оң әсерін беруде.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде 1-4-сынып оқушыларына тегін тамақ беру ұйымдастырылып, бюджеттен 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

“Бұл қазақстандық ата-аналардың көптен көтерген өзекті мәселесі еді. Менің ойымша, тегін тамақтандыруды енгізу өскелең ұрпақтың денсаулығына оң әсерін тигізіп, жақсы әлеуметтік қолдау болмақшы”, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Мәжіліс депутатының сөзінше, бүгінге дейін елімізде 100 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға бармақ түгілі, кезекте тұрмаған. Оның себебі тамақтануға кететін қаражаттын көптігінен. Мысалы, бір балаға айына орта есеппен 15 мың теңге ата-анасының қалтасынан кетеді. Бұл күйзеліс жағдайындағы отбасының бюджетіне салмақ түсіргендіктен, олар балаларын балабақшаға бермеуді жөн санайды. Осы мәселені шешу мақсатында 97 мыңнан астам бүлдіршіннің тамақтануы бюджеттен төленетін болды.

“Жайлы мектеп” жобасының мақсаты мектептердегі орын тапшылығын шешу. Елімізде 800 мыңға жуық оқушыға арналған мектептер қолданысқа беріледі. Олардың құрылысына мемлекет 2,4 трлн теңге көлемінде қаражат бөлген.

“Білім ордалары бұрын салынған мектептерге ұқсамайды. Енді, олар Назарбаев зияткерлік және Бином мектептері сынды материалдық база мен жоғары мүмкіндіктерге ие болмақшы. Бұндай мектептер шалғай ауылдар мен қалаларда бірдей бой көтереді”, - деді мәжіліс депутаты.

Тағы да бір керемет бастама – балабақша тәрбиешілерінің жалақысының 30 пайызға өсуі. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың тәрбиешінің айлық табысы ұлғайды. 2020 жылдан бері жалақы екі есе өсіп отырғанын және әлі де артатынын айтып кеткен жөн.

Сондай-ақ, мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе артса, университет оқытушыларының жалақысы кезең-кезеңмен көтеріліп келеді. Келесі жылдың бюджетінде бұл шара үшін 26 млрд теңге қарастырылған.

Колледждерде грантттар саны 97 мыңнан 133 мыңға дейін арттты. Ал, жоғары білім орындарында жыл сайын тегін оқыту бес мыңға ұлғайып отыр.

Студенттерді ынталандыру мақсатында стипендия жыл сайын өсіп келеді. Осы жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға, университет студенттерінің стипендиясы 20 пайызға, ал магистранттардың стипендиясы 15 пайызға артты. 2019 жылы доктаранттардың оқу табысы 82 мың болса, қазір 217,5 мың теңгені құрап отыр.

Айта кететін жайт, ж оғары оқу орындарының базасында Академиялық ұтқырлық орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ғылымға бөлінетін қаражат жыл сайын ұлғайып, ғалымдардың жалақысы екі есеге өсіп отыр. Тұрақты жалақы төлеу үшін депуттардың бастамасымен жаңа “Ғылым және технологиялық саясат туралы” заң жобасы дайындалып, ғылымды дамытудың тың тәсілдері енгізіледі.

Балаларға тегін үйірмелерді ұсыну мақсатында 100 шығармашылық орталық, оқушылар сарайын ашу жұмыстары басталды. Жоспарда 50 сауықтыру орталықтарын салу бар.

Ерекше балаларды қолдау президенттің ерекше назарында. Қазіргі уақытта ПМПК-лар саны 100-ге жетіп, оңалту кабинеттерінің саны 210-ға дейін артты.

“Бұл тек қана президенттің сайлауалды бағдарламасында белгіленген бастамалардың бір бөлігі ғана. Қазір бұл шараладың жемісін миллиондаған бала көріп отыр. Ең бастысы, олар жан-жақты сараптамадан өтіп, кезең-кезеңімен жоспарлы түрде іске асырылып жатқаны”, - деп қорытындылады сөзін Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046815-elimizde-bilim-zane-gylym-salasy-qalai-damuda/

pixel