Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есікті кілттеп, шешін деді": астаналық медуниверситет студенті оқытушы тиіскенін мәлімдеді

Опубликовано:

Қағаз толтырып жатқан дәрігер
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pexels.com

"Астана медицина университеті" КеАҚ студенті ЖОО оқытушыларының бірі тиіскенін мәлімдеді. Қазір полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зардап шеккен қыз өзінің Instagram-парақшасында мұғалімнің тиіскені туралы хабарлама жариялады. Оның айтуынша, оқиға 17 қарашада болған. Қыз өз тобының тәжірибелік күнделіктерін алуға келген. Осы кезде кабинетте жалғыз қалған мұғалім оның денсаулығын жағдайын сұрай бастаған. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, мұғалім "ішіңді, жүрегіңді тексеремін" деген желеумен, ерсі әрекеттерге барған. Кабинетті кілттеп, одан төстартқышын шешуін сұраған.

"Мен қорқып, ұялғанымды айттым. Ол ештеңе істемейтінін, дәрігер екенін айтып, ашуланды. Содан кейін есікті ашып, компьютерге отырды да, маған сұрақтар қойып, көңілімді аулай бастады", – деді қыз.

Қыздың айтуынша, ол әжетханаға сұранып, басқа студенттерді шақырған. Сөйтіп оларға оқиға туралы айтып берген.

GOV.PRESS Telegram-арнасында осы оқиғаға қатысты жазба пайда болды. Онда қыз мұғаліммен диалогты видеоға түсіріп алған. Сондай-ақ видеода студент басынан кешкенін баяндаған.

Қазір бұл факт бойынша Астана полициясы қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы ПД Instagram-дағы ресми парақшасынан белгілі болды.

"Медицина университеті студентінің өтініші бойынша Сарыарқа ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында істің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шара қабылданады, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіледі", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046828-esikti-kilttep-sesin-dedi-astanalyq-meduniversitet-studenti-oqytusy-tiiskenin-malimdedi/

pixel