Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚТЖ басшысы: Енді Әлия Назарбаева пойыз билеттерін сататын компанияның акционері емес

Опубликовано:

Әлия Назарбаева
Әлия Назарбаева. Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Үкіметте өткен брифингте ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев бұдан былай Әлия Назарбаева Қазақстанда пойыз билеттерін онлайн сататын компанияның акционері емес екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін үкіметтің брифингінде ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаевқа "Әлия Назарбаева әлі күнге дейін Қазақстанда пойыз билеттерін онлайн сатудан табыс тауып отырған Instant Payment компаниясының акционері ме" деген сұрақ қойылды.

"Сіз айтып отырған акционер акционерлік қоғамнан мәселе туындаған кезде бірден шығып кетті, яғни акционер емес. Мысалы, Мусин мырза да компаниямен қазір-ақ қарым-қатынасты үзуге болатынын біледі, бірақ бұл жағдайда біз (билеттерді – ред.) онлайн сатып алу қызметін ұсына алмай қаламыз.

Бірден жұлып алу мүмкін емес. Бірақ бүгінгі таңда аудару актісі жұріп жатыр, ашық конкурс өтті. Компания ұтты және қазір Instant Payment-тен (онлайн билет сату қызметін көрсету құқығы - ред.) осы компанияға аудару жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал 1 желтоқсанда Instant Payment-тен конкурста жеңіске жеткен жаңа компанияға аудару актісі өтеді", - деді ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, ҚТЖ мен Әлия Назарбаеваның компаниясы арасындағы келісімшарттың бұзылғаны туралы былтыр мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046832-qtz-bassysy-endi-aliya-nazarbaeva-poiyz-biletterin-satatyn-kompaniyanyn-akcioneri-emes/

pixel