jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қызылордада Qnet қаржы пирамидасымен айналысты деген күдікпен 3 адам ұсталды

    Костюмдегі ер адам
    Ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті Qnet қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

    Ведомство ақпараты бойынша, күдіктілер Қызылорда қаласы аумағында Qnet компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырып, оны желілік маркетинг және электрондық коммерция деп таныстырған. Олар Қызылорданың 35 тұрғынынан 2019 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта 44 млн теңгеге жуық көлемде қаражат тартқаны белгілі болды.

    Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды.

    Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Сондай-ақ ҚМА өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    ҚМА баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады.

    Қызылордада Qnet қаржы пирамидасымен айналысты деген күдікпен 3 адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.