Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХҚКО қызметкерлері қазақстандықтардың деректерін растаусыз аша алмайды

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Көрнекі фото: eclipse_images/Getty Images

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің айтуынша, жеке деректерді қорғау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

"Біріншіден, біз жеке деректерге қол жеткізуді бақылау қызметін әзірледік. Ол қалай жұмыс істейді? Мысалы, азамат Халыққа қызмет көрсету орталығына қоңырау шалса, оған SMS хабарлама келеді. Хабарламада көрсетілген кодты операторға айтқан кезде ғана... Яғни, оған кодты айтпайынша, қызметкер оның жеке деректерін көре алмайды.

Келесі жылдан бастап барлығы осы қызметті іске қосады. Сондай-ақ (жеке деректерге – ред.) қолжетімділігі бар администратордың барлық әрекеті блокчейн платформасында 10 жыл бойы сақталатын болады", – деді министр Бағдат Мусин.

Бұл ретте бұған дейін мәжілісте дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жазаны қатаңдату туралы заң жобасын мақұлданған болатын. Ал өткен аптада мәжіліс депутаттары Қазақстанда цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жеке мемлекеттік орган құруды ұсынған еді.

Еске салайық, соңғы уақытта қазақстандықтардың жеке деректері желіде тарауы жиілеп кеткен еді. Мысалы, қыркүйектің ортасында Telegram желісінде қазақстандықтардың деректерін, оның ішінде ЖСН, телефон нөмірлері, мекенжайлары және т.б. мәліметтерін жария етіп жүрген бот пайда болғаны хабарланған.

Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Telegram бот қазақстандықтардың жеке деректеріне қалай қол жеткізгенін түсіндірген. Ол жеке деректерді таратқан ақпарат көздерінің бірі Қазақстанда тыйым салынған сервис болуы мүмкін деген болжамды айтқан.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елде тыйым салынған сервистерді бұғаттау туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне өтініш жіберген болатын. Ал қазан айының соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі соған ұқсас шамамен он шақты бот бұғатталғанын хабарлаған.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы азаматтың деректері желіге тарап кеткен жағдайда ЖСН-ді өзгертуге бола ма деген сұраққа жауап берген болатын. Оның сөзіне сенсек, бұл процедураның еш мәні жоқ, өйткені деректер қайтадан желіге тарап кетпейтініне ешкім кепілдік бере алмайды.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік органдардың басты міндеті – қазақстандықтарға алаяқтарды тануды үйрету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046875-xqko-qyzmetkerleri-qazaqstandyqtardyn-derekterin-rastausyz-asa-almaidy/

pixel