jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

ТЖМ қазақстандықтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды

Дабыл
Көрнекі фото: pexels.com

Төтенше жағдайлар министрлігі дабыл жүйесі тексерілетінін хабарлады. Осыған байланысты ведомство азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

Бейсенбі, 23 қарашада сағат 12:55-те республика бойынша электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі. Осы іс-шара "Қыс-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай болған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.

Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдай кезінде әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы керек.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға кеңес береді.

ТЖМ қазақстандықтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.