Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бас прокурор іске қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Берік Асылов
Берік Асылов. Фото: Бас прокуратура баспасөз қызметі

Бас прокурор Берік Асылов Үйлестіру кеңесінің отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Биыл тұрмыстық құқық бұзушылық бойынша қамауға алу мерзімі ұзартылды, тараптардың қайта татуласуына тыйым салынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының арыз-шағымына жауап беру бойынша полиция жұмысы өзгертілді. Осылайша үшінші тоқсанда отбасылық жанжал тудырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін артты", – деді бас прокурор.

Сондай-ақ Берік Асыловтың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда адам өлтіріп, адам өліміне әкеп соқтырған ауыр жарақаттар үшін 80 адам сотталған. Бірақ оның пікірінше, кінәлілерді жазалай бергеннен мәселе шешілмейді. Тәртіпті қалпына келтіру үшін қоғам мен әр азаматтың белсенділігі, қолдауы қажет.

"Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер қоғамды ерекше дүр сілкіндірді. Жақында Астанада азамат Нүкенованың өлтірілуі желіде резонанс тудырған. Бүгінде 150 мыңға жуық жанашыр қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды", – деп қорытындылады Бас прокурор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046912-saltanat-nukenovanyn-olimi-bas-prokuror-iske-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel