Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киік етін өңдегісі келеді": БҚО әкімі қытайлық инвесторға жер берілмейтінін айтты

Опубликовано:

«Киік етін өңдегісі келеді». БҚО әкімі қытайлық инвесторға жер берілмейтінін айтты
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында киік етін және өзге де бөліктерін өңдеуге қатысты сауалға жауап берді. Тілшілер мұндай өндіріске қытайлық инвесторды тарту үшін жер беріле ме деп сұраған еді.

Аймақ басшысы көрші елден инвестор келіп, зауыт салу ұсынысын білдіргенін айтты. Алайда жер беру туралы шешім болмағанын жеткізді.

Бұл тұста қытайлық компанияның ұсынысы елді елең еткізді. Әлеуметтік желілерде әкімнің жауабы толық берілмей, бұрмаланған ақпарат тарады. Аймақ басшысы осы аптада Жаңақала ауданының жұртшылығымен кездесуде бұл мәселеге қатысты сауалға нақты жауап берді.

"Қытайлықтарға болсын, кез келген шетелдіктерге болсын, заң бойынша жер жалға да берілмейді, сатылмайды да", - деді Нариман Төреғалиев.

Бұл ретте ол жалған ақпарат таратушыларға заң аясында жауапкепшілік бар екендігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046915-kiik-etin-ondegisi-keledi-bqo-akimi-qytailyq-investorga-zer-berilmeitinin-aitty/

pixel