Полиция формасын киіп, суши жарнамалаған алматылықтың басы дауға қалды
Жарияланған күні:
Алматы тұрғынына полиция формасын киіп, суши жарнамалағаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство ақпараты бойынша, Алматыда "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы аясында полиция формасын пайдаланып, суши жарнамасын түсірген жас жігітке қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ол видеоны әлеуметтік желі арқылы таратқан.
"Мен – жаңадан бастап жатқан блогермін, бұл жарнаманы қызық болсын деп түсірдім және тараттым. Бұл заң бұзушылық екенін білмедім. Болашақта мұндай жағдай қайталанбайды", – деді алматылық.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Б.есімді азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған полиция формасын заңсыз пайдаланғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Арнайы полиция киімі тәркіленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046926-policiya-formasyn-kiip-susi-zarnamalagan-almatylyqtyn-basy-dauga-qaldy/