Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда 600-ден астам адамды алдады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

Опубликовано:

Қолына кісен салынған адам
Қолына кісен салынған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Грузияда 2020 жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Ол қаржы пирамидасын құрды және басшылық жасады деп айыпталуда, деп хабарлайды еліміздің Бас прокуратурасы Telegram арнасында.

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы ұсталды.

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші болып танылған. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046986-gruziyada-600-den-astam-adamdy-aldady-degen-kudikpen-qazaqstan-azamaty-ustaldy/

pixel