Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор QazaqGaz компаниясында сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

ҚР Қылмыстық кодексі
ҚР Қылмыстық кодексі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте ведомство өкілдері QazaqGaz Ұлттық компаниясына қарасты ұйымдарда өкілеттігін асыра пайдалану дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Таңертеңнен бері әлеуметтік желіде QazaqGaz АҚ қызметкерлері мен басшылығы қамауға алынғаны туралы ақпарат таралып жатыр, осыған байланысты ведомствоға қарасты ұйым қызметкерлері өкілеттерін асыра пайдаланды деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Тергеу шаралары істің мән-жайын жан-жақты зерделеп, жан-жақтылық тарапын сақтау үшін жүргізілген болатын. Бұл іс бойынша ешкім ұсталған жоқ және айып тағылған жоқ. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", – деді департамент қызметкері Арман Тілеукенов.

Компания ресми сайтында "QazaqGaz Ұлттық компаниясы" АҚ ішкі және сыртқы газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстанның негізгі газ компаниясы екені жазылған.

Компания геологиялық барлау мен өндіруден бастап шыққан өнімді нарыққа жіберуге дейінгі барлық жұмысты қамтиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047049-antikor-qazaqgaz-kompaniyasynda-sotqa-deiingi-tergeu-bastalganyn-malimdedi/

pixel