Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бейітіне бармаймын": Асқар Жұмаділдаев марқұм әйелі жайлы сөз қозғап, жылап қалды

Опубликовано:

Асқар Жұмаділдаев сұхбат кезінде жылап қалды
Асқар Жұмаділдаев сұхбат кезінде жылап қалды. Видеодан кадр: Youtube/Aman Tasygan

Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев бірінші әйелі Құралай Молдағалиева жайлы ақтарыла сұхбат беріп, көзіне жас алып қалды. Ол өміріндегі аса ауыр кезеңді есіне алып, өз өкінішін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асқар Жұмаділдаев марқұм келіншегі жайлы жан сырын "Алғашқы" бағдарламасында ақтарды. Ол Құралай Молдағалиеваға тірісінде гүл сыйлай алмағанына қатты өкінетінін мойындады.

Әйелі мен ұлының қазасы ғалымға аса ауыр тиген. Ол біраз уақыт бойы қатты қиналғанын айтты. Математик бүгінде марқұм келіншегінің басына бармайтынын жеткізді.

"Құралайға бір гүл бере алмадым. Мүмкіндік болды. Бірақ балалық қой. Не болатынын қайдан білеміз? Қазір енді жеңгелерің де бар, бәрі де бар ғой. Жалпы мен өзім ешкімге гүл бермеймін, ешқандай той тойламаймын, тойға бармаймын. Одан не өзгереді? Не мағына? Қайғыратын болсаң, өзің қайғыр. Онда ешкімнің шаруасы жоқ. Мұңаясың ба? Өзің ғана мұңай. Ешкімге кедергі жасама. Менің өмірлік қағидам осы. Ол мәңгілік менің жүрегімде қалатын нәрсе ғой. Шынымды айтсам, әйелімнің басына бармаймын. Өте ауыр.

Ұлым Арман 13 жасында қайтты ғой. Жарты жылдан кейін сұмдық қиял келді. Ұйқы болмай қойды. Сол кезде төгілді. Бірталай өлең жазып тастадым. Сол менің ең үлкен шығармашылығым болды. Алғашық ұлым ғой. Бір із қалсын деп жаздым. Содан кейін жазбай қойдым. Өмірімдегі ең қиын кезең осы болды. Үш айдай қатты қиналдым", - деді Жұмаділдаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047050-beiitine-barmaimyn-asqar-zumadildaev-marqum-aieli-zaily-soz-qozgap-zylap-qaldy/

pixel