Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әкімдік өкілі қарамағындағы қызметкердің жемқорлығы үшін жазаланды

Опубликовано:

Ақша ұстап тұрған ер адам
Ақша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әкімдік өкілі арнайы техниканы жедел тіркегені үшін жүйелі негізде 87 мың теңге сомасында пара алғаны үшін сотталған. Енді оның басшысы жазаланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Мәселен, Антикор Атырау ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін Атырау қаласының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысын тәртіптік жауапкершілікке тартуға бастамашы болды. Оған сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігімен қатар, ұсыну шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізгені айтылады.

Айта кетейік, қылмыстық іс Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты тергелген еді. Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін жүйелі негізде 87 мың теңге сомасында пара алған.

Атырау қаласының № 2 соты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 млн теңге мөлшерінде пара сомасынан отыз бес есе айыппұл салуға үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047067-atyrauda-akimdik-okili-qaramagyndagy-qyzmetkerdin-zemqorlygy-usin-zazalandy/

pixel