Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталды

Опубликовано:

Жылап отырған қыз
Жылап отырған қыз. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде Жамбыл облысында 13 жасар қыздың аудандық мәслихат депутатының күйеуінен жүкті болып қалғаны туралы ақпарат шықты. Бұл жайт туралы облыстық ПД өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша, 2023 жылғы мамыр айында полицияға 13 жастағы қыздың анасы хабарласқан. Анасының айтуынша, оның қызымен 55 жастағы ер адам жыныстық қатынасқа түскен.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Зорлау фактісі бойынша айыпталушының кінәсі дәлелденді, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, қараша айында қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтерді жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047101-zambyl-oblysynda-deputattyn-kuieui-13-zastagy-qyzdy-zorlady-dep-aiyptaldy/

pixel