Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен қамалды

Опубликовано:

Ақша және кісен
Ақша және кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасарының жемқорлық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша облыстың Экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі.

"Ол ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде", - деп хабарлады Антикор өкілдері.

Құзырлы орган соттың санкциясымен күдікті қамауға алынғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047134-sqo-ekologiya-departamenti-bassysynyn-orynbasary-para-aldy-degen-kudikpen-qamaldy/

pixel