Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кісі өлтіруге оқталды деп іздеуде болған күдікті Алматы-Шу бағытындағы жолда ұсталды

Опубликовано:

Қолына кісен салынған ер адам.
Кісен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жамбылдық полицейлер кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол қылмыстық қудалау органына тапсырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде "Қайнар-Шу" республикалық маңызы бар автожолының 15-шақырымында Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласынан Шу қаласына бара жатқан 29 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Ауди 100" маркалы автокөлігін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

"Көлік құралын тексеру барысында артқы жолаушылар орындығында отырған жолаушының 20 қарашада Алматы қаласында Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3- бөлігі, 99-бабы 1-бөлігінде (кісі өлтіруге оқталу) көзделген қылмыс жасады деп күдікті болып танылған тараздық 21 жастағы тұрғын екені анықталды"

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы қылмыстық қудалау органына берілді", - деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047138-kisi-oltiruge-oqtaldy-dep-izdeude-bolgan-kudikti-almaty-su-bagytyndagy-zolda-ustaldy/

pixel