Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Опубликовано:

әуежайдағы жолаушы
Жолаушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласында ауа райының нашарлауына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр. Бұл туралы Kazinform әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Орал халықаралық әуежайы" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз метеожағдайларға байланысты Астана-Орал-Астана рейсі тоқтатылған.

Сондай-ақ Франкфурт-Астана-Орал рейсі де кешіктірілген.

"Атырау-Орал-Атырау және Түркістан-Орал-Түркістан рейстері тоқтатылды. Айта кетейік, Орал әуежайы ашық, әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге дайын. Бірақ ауа райын ескере отырып, әуе компаниялары қону туралы шешімді қабылдайды. Қазіргі уақытта қатты желге қоса қар толассыз жауып тұрғандықтан, әуе компаниялары рейстерді кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдады", - деп хабарлады "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047142-oralda-aua-raiyna-bailanysty-aue-reisteri-kesigip-zatyr/

pixel