Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда домбыра сындырған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтауда кәмелетке толмаған жеткіншектің домбыраны сындырған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полицейлер жасөспірімнің ата-анасын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Полиция баланың заңды өкілдеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынғанын мәлім етті.

Ақтау қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі ата-анаға қатаң ескерту жасап, мұндай әрекетке жол бермеу керек екенін айтты.

Ведомство өкілдері мәдени нысандарға ұқыптылықпен және жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047143-aqtauda-dombyra-syndyrgan-zasospirimnin-ata-anasy-zauapqa-tartyldy/

pixel