Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйелдің басын кесіп алды: сот аппеляциялық шағым бойынша үкім шығарды

Опубликовано:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қаласында әйел адамның басын кесіп алған ер адамға қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қайта қаралды. Бұл туралы Алматы соттары Telegram арнасында хабарлады.

Сот мәліметінше, осыған дейін алқабилер сотының үкімімен И. қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Алайда сотталушы үкімге апелляциялық шағым түсірді.

"Сотталушы И. отбасылық және өмірлік қиын жағдайда бола отырып, өзімен одан әрі қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтін азаматтық жұбайына материалдық тәуелді бола тұра, кісі өлтіруге бел байлаған.

И. қасақана кісі өлтіруді алдын ала жоспарлап, жәбірленуші А.-ны іс жүзінде жоқ наубайханаға жұмысқа орналастырамын деген желеумен кездесуге шақырған.

Содан кейін мойнына кесікті-тілікті жара салған, мұның салдарынан жәбірленуші көз жұмған, ал ер адам әйелдің басын кесіп алған", - делінген хабарламада.

Сот баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұдан соң сотталушы бірге тұратын әйеліне әсер қалдыру мақсатында жәбірленушінің басын дүкендердің біріне апару туралы шешім қабылдаған.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тараптардың дәлелдері мен іс бойынша дәйектерді зерделеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырмау туралы қорытындыға келді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047153-almatyda-aieldin-basyn-kesip-aldy-sot-appelyaciyalyq-sagym-boiynsa-ukim-sygardy/

pixel