Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында полицейлер отбасында жанжал шығарған ер адамды жауапқа тартты

Опубликовано:

Полицейлер
Полицейлер. Фото: instagram.com/aqmola_pd

Ақмола облысында полицейлер алкогольге мас күйінде отбасында жанжал шығарған ер адамды ұстады, деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Ведомство ақпараты бойынша, Бірлік ықшамауданына қызмет көрсететін учаскелік бөлімшеге тұрмыстық жанжал туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушінің айтуынша, оның күйеуі алкогольге мас күйінде үйде жанжал шығарған.

Полицейлер аталған мекенжай бойынша хабарлама келіп түскен жерге келді. ПД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, бір ай бұрын бұған дейін де бұл мекенжайдан қоңырау келіп түскен, ал отбасы басшысына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі (Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

"Келген учаскелік инспекторлар ер адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді, онда медициналық куәландырудан кейін алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі белгіленіп, құқық бұзушыны мекемеде қалдыру туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша сот отырысы келесі күні өтті. Құқық бұзушылықтың қайталануын ескере отырып, жанжал шығарушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылған, сондай-ақ сот қаулысымен ол 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасына кесілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047182-aqmola-oblysynda-policeiler-otbasynda-zanzal-sygargan-er-adamdy-zauapqa-tartty/

pixel