Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мейрамбек Таймерденов
Мейрамбек Таймерденов. Фото: sud.gov.kz

Бүгін, 23 қарашада сенат депутаттары палата жалпы отырысында президенттің Мейрамбек Таймерденовті Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің ұсынысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқыды.

"Қарауларыңызға судья лауазымын атқару үшін шекті жасына, яғни 65 жасқа толуына байланысты Мейрамбек Таймерденовті Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді.

Таймерденовтың сот жүйесінде 19 жылдан астам мол тәжірибесі бар. Оның 4 жылы – Жоғарғы сот судьясы қызметін атқарған. Сот қауымдастығында беделді. Шаймерденовті судьялық қызметтегі шекті жасқа толуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынысын қолдауларыңызды сұраймыз", – деді ол.

Депутаттар аталған ұсынысты бірауыздан қолдады.

Жоғарғы сот ресми сайты ақпараты бойынша, сенаттың 2019 жылғы 14 наурыздағы қаулысымен Мейрамбек Таймерденов Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьясы қызметіне тағайындалып, қазіргі таңға дейін 4 жыл Жоғарғы сот судьясы болды.

Еске салайық, бұған дейін Жоғары сот үш судьясы қызметінен босатылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047214-meirambek-taimerdenov-zogargy-sot-sudyasy-qyzmetinen-bosatyldy/