Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарастырылмаған, қаралмайды да": премьер-министр шетелдіктерге жер беру мәселесіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов парламент сенатының жалпы отырысынан кейін өткен брифингте әлеуметтік желілердегі "Қазақстан 100 мың гектар жерді шетелдіктерге бергелі жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Брифингте премьер-министр Әлихан Смайылов шетелдіктерге пайдалануға және иеленуге жер берілмейтінін айтты.

"Қазақстан Республикасының жер кодексінде шетелдіктерге немесе шетелдік компанияларға, шетелдіктердің қатысумен қазақстандық компанияларға ауылшарушалыққа арналған жерлерді меншікке беруге немесе пайдалануға беруге тыйым салынған. Ондай құқық тек қана қазақсатндықтарда ғана бар. Бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ және қаралмайды да. Бұл - біздің ұстанымыз, бұл бойынша мемлекет басшысы да анық өз пікірін айтты", - деді Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047263-qarastyrylmagan-qaralmaidy-da-premer-ministr-seteldikterge-zer-beru-maselesine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel