jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Нұрлан Мәсімовтің ісі: кәсіпкер мемлекетке 420 млн теңге аударды

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Видеодан кадр: Т.me/antikornews

Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов пен оның экс-орынбасары Дамир Сиразидимовпен бірге қаражат жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Евгений Евкович мемлекетке 420 миллион теңге аударды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі сот залынан.

Сот отырысында кәсіпкердің адвокаты бірінші сатыдағы сот үкімінде көрсетілген 420 миллион теңге шығынды кәсіпкер толығымен өтегенін мәлімдеді. Ол бұл қаражатты үш сотталған адам үшін аударған.

"Бүгін, біз барлық қаржылық құжатты ұсындық, полиция департаментінің талаптары толығымен өтелді. Осыған байланысты ол бірінші сатыдағы сот мойындамаған барлық жеңілдететін мән-жайды ескеруді сұрайды", - деді адвокат Гүлмира Қажиева.

Бүгін сот отырысына бұған дейін онлайн қатысқан үш айыпталушы да қатысты

Сот отырысында Нұрлан Мәсімов те сөз сөйледі.

"Бірінші сатыда соттың шектен шыққанын көріп тұрсыздар. Алды да, айыптады. Жарайды, мені тегім бойынша айыптады, бірақ бұлар не үшін сотталып жатыр? Бұл жалпы кәсіпкер, ал Сиразидимовта бәрі заңды", - деді Павлодар облысы ПД бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов.

Нұрлан Мәсімовтің ісі: кәсіпкер мемлекетке 420 млн теңге аударды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.