Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іле Алатауында аяғы үсіп қалған шетелдік турист құтқарылды

Опубликовано:

тауда жүрген адамдар
Тауда жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауының тауларында Қырғызстаннан келген туристі құтқарды, деп хабарлайды ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.

ТЖМ мәліметінше, 23 қарашада Қырғызстан азаматы Іле Алатауы тауларындағы Бутаковка шатқалынан түсу кезінде аяғын жарақаттап алды.

"Таңғы сағат 4-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы аяғы үсіп қалған туристі тапты. Құтқарушылар барлық қажетті көмек көрсетіп, әйелді шатқалдан төменге қарай түсірді", - деп хабарлады ведомстводан.

ТЖМ өкілдері тауға жалғыз бармауды және барған жағдайда жақындарыңызға қалаға оралу уақытын ескерту керегін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047326-ile-alatauynda-ayagy-usip-qalgan-seteldik-turist-qutqaryldy/

pixel