Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіге кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысында Қырғызстаннан 20 шетелдікті заңсыз әкелді деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура ресми сайтында.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Қордай ауданының аумағында соңғы жарты жылда Оңтүстік Азия елдері (Пәкістан, Непал, Шри-Ланка) азаматтарының Қырғыз Республикасы жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының тысқары жерлерінен заңсыз өтуі жиілеген.

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Қордай ауданы прокурорының үйлестіруімен Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі бойынша (адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) полиция бөлімімен қылмыстық іс тіркелді.

Жамбыл облысының прокуратурасы 20 қыркүйекте Қордай ауданы прокурорының қаулысымен аудандық полиция, шекара қызметі және ұлттық қауіпсіздік органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, олармен бірқатар тергеу амалдары жүргізді.

"Нәтижесінде Оңтүстік Азия елдерінің 20 азаматтарын Қырғыз Республикасынан мемлекеттік шекараның өткізу пунктерінен тыс жерлері арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 3 қылмыскер құрықталып (Қазақстан және Қырғыз азаматтары), қамаққа алынды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, басқа мәліметтер ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047337-zambyl-oblysynda-zansyz-kosi-qon-uiymdastyrgan-kudiktiler-ustaldy/

pixel