Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада демонтаждалатын ақылы автотұрақтар тізімі жарияланды

Опубликовано:

Көлік
Автотұрақтағы көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада жыл соңына дейін мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандар маңындағы көлік тұрақтары жойылады. Тиісті тізім жарияланды, деп хабарлайды "Астана тұрақ кеңістігіне" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік нысандар – емханалар, перзентханалар, балабақшалар мен мектептер маңында орналасқан ақылы автотұрақтар жыл соңына дейін демонтаждалады.

"Азаматтардың әлеуметтік мекемелерге баруын жеңілдету мақсатында (автотұрақты – ред.) орналасу орнын қайта таңдаған жөн деп шештік", – деп жазылған "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС сайтында.

Сондай-ақ "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС жуық арада жойылатын ақылы автотұрақтар тізімін жариялады:

  • Сәкен Сейфуллин көшесі, №21, 28 тұрғын үйлердің жанындағы автотұрақ;
  • Республика даңғылы, №40 тұрғын үйдегі автотұрақ;
  • Әліби Жангелдин көшесі, №28 тұрғын үйдегі автотұрақ;
  • Абай даңғылы, №19 тұрғын үйдегі автотұрақ;
  • Ықылас Дүкенұлы көшесі, №32 тұрғын үйдегі автотұрақ;
  • Дінмұхамед Қонаев көшесі, №33/1 үйдегі автотұрақ;
  • Талғат Бигелдинов көшесі, №6А тұрғын үй автотұрақ;
  • Мұхтар Әуезов көшесі, №9 тұрғын үйдегі автотұрақ.

Компания өкілдерінің айтуынша, коммуналдық ақылы автотұрақтар жанында орналасқан үйлердің тұрғындары тегін резиденттік абонемент рәсімдей алады. Тұрақ аймақтарының тізімі мен мекенжайлары astanapark.kz сайтында жарияланған.

Сонымен қатар жеңілдіктер алуға құқылы азаматтар барлық ақылы автотұрақ аймағында ақы төлемеуіне болады.

Жеңілдіктер түрі жайлы толық ақпарат білу үшін әрі жеңілдікке қол жеткізу үшін онлайн өтінішті де ресми сайтта беруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047356-astanada-demontazdalatyn-aqyly-avtoturaqtar-tizimi-zariyalandy/

pixel