Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаздан бері лаулап жатқан Маңғыстау кен орнындағы өрттің өшірілуіне сәл қалды (фото)

Опубликовано:

Кен орнындағы өрт
Кен орнындағы өрт. Видеодан кадр: facebook.com/AkimatMangystau

Маңғыстау облысындағы кен орнында биыл маусымнан бері лаулап жатқан өрт оқшауланды. Төтенше жағдайды жою бойынша жұмыстардың барлығы жыл соңына дейін аяқталатыны мәлімделді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Маңғыстау облысындағы "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнында алты ай бойы лаулап жатқан өрт оқшауланды. Маусымда төтенше жағдай салдарынан бір жұмысшының жарақат алғаны хабарланған болатын – ол дене күйігін алып, сүйегі сынған.

Телеарна ақпараты бойынша, ТЖ қызметкерлері төтенше жағдай орнына жету үшін қосымша бір шақырымнан астам тереңдікті құраған арналарды бұрғылауға мәжбүр болған. Осылайша ұңғымаға 40 мың текше метр су құйылды.

Кен орнындағы өрт
Кен орнындағы өрт. Видеодан кадр: facebook.com/AkimatMangystau

Сондай-ақ телеарна мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіру жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Ол аса күрделі емес. Апатты аумақты арнайы қоспамен толтырып, үстіне цемент құйып, тығыздап тастау жоспарланып жатыр.

"Осы жылдың желтоқсан айының аяғына дейін аяқталуға жоспарланып отыр түгел. Мердігерге қатысты апатқа қарсы жұмыс аяқталғаннан кейін талап, тексеру министрлік тарапынан “Промбезден” жүргізіледі. Ол тек апат тоқтатылған соң", – деді "Бозашы Мұнай" компаниясының бас инженері Ғалымжан Сеңгірбаев.

Дереккөз: КТК

Еске салайық, Маңғыстау облысында "Бозашы мұнай" серіктестігіне қарасты "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт маусымның 9-ы басталған.

Мың метр тереңдіктен бұрғылау құралын шығару кезінде газ атқылап өртенген болатын. Лаулаған өрттің биіктігі он метрге дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047366-mausym-aiynan-beri-zalgasyp-zatqan-mangystau-ken-ornyndagy-ort-osui-mumkin-foto/

pixel