Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда 16 ауылдың тұрғындары өңірде төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр

Опубликовано:

Қар
Ауыл. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысында мыңдаған шаңырақ жарықсыз отыр. Қолайсыз ауа райында тозығы жетіп тұрған желілер жұлынып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна ақпаратынша, Солтүстік Қазақстан облысында 16 ауыл жарықсыз отыр. Мұнда бораннан электр сымдары бір апта бұрын үзілген. Сол уақыттан бері әлі қалпына келтіре алмай жатыр.

Қазір үйлердің көпшілігінде электр қуаты қалпына келтірілген. Бірақ адамдар келесі дауыл кезінде қайта өшеді деп алаңдаулы.

"Бүгінгі күні жағдайымыз жақсарды. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан және электр жабдықтары, оның ішінде сымдар жарамсыз болып, тозғандықтан тағы да өшіп қалуы мүмкін. Осыған назар аударып, төтенше жағдай жариялауды сұраймыз. Шұғыл!" – дейді Астраханка ауылының тұрғыны Айман Әбілмәжінова.

Телеарна хабарлауынша, облыста 46 жөндеу бригадасы апаттық режимде жұмыс істеп жатқанымен, мыңнан астам адам әлі жарықсыз отыр. Сорғылардың электр қуатымен жұмыс істейтінін ескерсек, тұрғындарда әлі күнге дейін су, жылу жоқ.

Оралда да мыңнан аса шаңырақ жарықсыз отыр. Боранды күні электр сымдары үзілген. Әкімдіктегілер оны қалпына келтіруге барымызды салып жатырмыз дейді. Шенеуніктер боран болмай-ақ, үп еткен желден өңірдегі сымдар үзілетінін растайды. Себебі, аймақтағы электр желісінің сексен пайызы тозған.

"Дәлірек айтсам, 1030 абонент қазір жарықсыз отыр. Ол жарты сағат бұрын берген ақпарат. Қаламыздың Деркөл, Круглозорное кенті, Меловые горы, Куриние, Зашаған СМП ауданы дейді. Жаңағы Деркөлдің түгел емес. Деркөлдің ішкі кейбір көшелері. Яғни электр желілері тозған". - деді Орал әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047377-soltustik-qazaqstanda-16-auyldyn-turgyndary-onirde-totense-zagdai-zariyalaudy-surap-otyr/

pixel