Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлі адамдар" Ақтаудағы мемлекеттік мекемеден 2,6 млн теңге сыйақы алған

Опубликовано:

Қағаз ақша және тиын
Қағаз ақша және тиын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтау прокуратурасы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директорына қатысты тергеу бсталғанын мәлімдеді. Материалдар Антикорға жіберілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура ресми сайтында.

Ақтау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнаулы медициналық-əлеуметтік қызметтер көрсететін денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.

Нәтидесінде өрт қауіпсіздігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында заңбұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.

"2022 жылы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры өзінің тумаластарын жұмысқа заңсыз орналастырып, іс жүзінде жұмыс істемесе де (өлі адамдар) ай сайын жалақы төленіп, сыйақы негізсіз есептеліп, олардың есеп шотына 2,6 млн теңге аударылған", - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Облыстық прокуратура бұрынғы директордың іс-әрекетінде бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық құқық бұзушылық құрамының байқалуына байланысты, прокурорлармен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармақшасында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Тергеу іс-құжаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Құзырлы орган басқа да анықталған заңбұзушылық бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 2 мекеме директорына 7 әкімшілік іс-құжаттары толтырылғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047383-oli-adamdar-aqtaudagy-memlekettik-mekemeden-26-mln-tenge-syiaqy-algan/

pixel