Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Қырғызстан тумасы баласын сатпақ болды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Нәресте
Сәбидің аяғы. Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы облысының полицейлері баланы сатпақ болды деген күдікпен 24 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды

Облыстық ПД басшысының мәліметінше, 22 қарашада "Стоп-Трафик" жедел- алдын алу шарасын өткізу кезінде Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен Қарасай ауданының аумағында 24 жастағы көрші республиканың тумасы ұсталды.

"Аталған азаматтың әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

Аталған дерек ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде", - деп хабарлады Бауыржан Әленов.

Оның сөзінше, заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды.

Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047385-almaty-oblysynda-qyrgyzstan-tumasy-balasyn-satpaq-boldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel