Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Элиталық притон ұйымдастырды": ІІМ алматылық блогерге қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Жастық және туфли киген қыздың аяғы
Туфли. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде элиталық притон ұйымдастырды деп айыпталып, жазда ұсталған блогердің босатылғаны туралы ақпарат пайда болды. Істің тергеу барысы туралы NUR.KZ тілшісіне Ішкі істер министрлігінен хабарлады.

Telegram-арналарының бірінде бірнеше ай бұрын элиталық притон ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған танымал блогердің босатылғаны туралы хабарлама пайда болды.

"Естеріңізде болса, жазда танымал блогер, бұрынғы эскорт А.-ны ұстағаны, ол қазақстандық "ағалар" мен "ақылы махаббат" үшін шетелдіктерге элиталық притон ұйымдастырған болатын.

А. қазір бостандықта және табысты кәсібімен айналысуын жалғастыруда", - деп жазылған жазбада.

Ішкі істер министрлігі тілшімізге берген мәлімдемесінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Күдіктіге қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалып, ол қазір Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық", сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша жүргізілуде", - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047406-elitalyq-priton-uiymdastyrdy-iim-almatylyq-blogerge-qatysty-tergeu-zurip-zatqanyn-malimdedi/

pixel