Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі Қазақстанда қанша босқын барын мәлімдеді

Опубликовано:

Шабадан
Әуежайдағы шабадан. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінде Қазақстанда 5 елден келген 325 босқын тұрады. Республика аумағын паналаған барлық шетелдік Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады. Олар елден шығарылмау бойынша қорғалған.

Министрлік Қазақстан 1998 жылғы 15 желтоқсанда БҰҰ-ның 1951 жылғы "Босқындар мәртебесі туралы" конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алғанын мәлім етті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі босқындармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау аясында ведомство жанында ұлттық заңнама нормаларын Конвенция ережелерімен имплементациялау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының сарапшылары кіреді.

"Жұмыс тобы босқындарға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде медициналық көмекке, білім алуға және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру жөнінде ұсыныстар әзірледі. Бұл ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдардың қарауында", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047422-enbek-ministrligi-qazaqstanda-qansa-bosqyn-baryn-malimdedi/

pixel