Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей қазандықтарында 67 млн теңге шығын анықталды: мердігер ұйым директорына қатысты тергеу басталды

Опубликовано:

жылу беру орталығы
ЖЭО. Көрнекі фото: pixabay.com

ҚМА Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Семей қаласындағы 3 қазандық бойынша 67 млн теңге шығын келтірілгенін анықтады, деп хабарлайды ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.

Бюджет қаражаты 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеуге бөлінген. Алайда 1934 жылы пайдалануға берілген жылу орталығы тозып, әлі күнге дейін қалада қыста жылу энергиясы дұрыс жеткізілмей жатыр.

Мамандардың айтуынша, жылыту маусымында жылу беруде ақаулар орташа есеппен тәулігіне 3 рет тіркеледі.

Қалада 1 ЖЭО, сондай-ақ 17 қазандық және 72 жылу пункті жұмыс істейді.

"Жылу берудегі дәл осындай проблемалар Аягөз және Курчатов қалаларында да тіркелуде, мұнда жылу желілерінің тозуы сәйкесінше 53 пайыз және 35 пайыз құрайды.

Құрылған арнайы комиссия құрамына энергетика және ТКШ басқармасы, ІМАД, ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің департаменті, тұрғын үй инспекциясының мамандары кірді", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни басқа біреудің мүлкін ұрлау деген күдік бойынша мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіләп жатқанын хабарлады.

Қылмыстық іс шеңберінде жылумен жабдықтаудың 14 объектісін тексеру басталды, оларға аталған компания 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген.

"Сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілген соң мердігер Шульбинск кентінде құны 32 млн теңге болатын қазандықтың экономайзерін ауыстырып, іске қосты. Былтыр ол пайдаланылған құрылғыны жаңа құрылғы ретінде орнатқан болатын. Нәтижесінде 1,3 мыңнан астам жылумен қамтылуға тиіс абоненттің құқығы қорғалды", - деп хабарлады ведомстводан.

Департамент қабылданған шаралар нәтижесінде жылу жүйесіне 8 бюджеттік ұйым, 4 әлеуметтік нысан, 24 коммуналдық кәсіпорын қосылған. Осылайша, қала маңындағы тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілері, жылумен қамтамасыз етуге байланысты қауіпті жағдайдың алды алынды, дейді департамент қызметкерлері.

Ведомство тергеу жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы өзге де ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047431-semei-qazandyqtarynda-67-mln-tenge-sygyn-anyqtaldy-merdiger-uiym-direktoryna-qatysty-tergeu-bastaldy/

pixel