Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ер адам дауысын өзгертіп, жұртты қалай алдағанын полицейлерге көрсетті (видео)

Опубликовано:

Смартфон
Ұялы телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Атырауда дауысын өзгертіп, адамдардан ақша алған 27 жастағы ер адам ұсталды. Ол телефон арқылы адамдарды қалай алдағанын полицейлерге көрсетті, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтары арнасында.

Ведомство мәліметінше, 18 қарашада Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Hi-Tech" іс-шарасы кезінде Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 1996 жылы туған күдіктіні ұстады.

"Күдікті 27 жастағы ер адам болса да әр түрлі үнге дауысын өзгертіп жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 000 теңге ақша қаражатын аударған", - делінген хабарламада.

Полиция тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы барын анықтады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047436-atyrauda-er-adam-dauysyn-ozgertip-zurtty-qalai-aldaganyn-policeilerge-korsetti-video/

pixel