Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған әкімі мейрамхана ашылуына қатысқан: Жетісу облысы әкімі пікір білдірді

Опубликовано:

Мейрамхана салтанатты ашылуына қатысқан Талдықорған әкімі
Мейрамхана салтанатты ашылуына қатысқан Талдықорған әкімі. Фото: instagram.com/taldykorganec.insta_

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев мейрамхананың салтанатты ашылуына Талдықорған әкімінің қатысқаны жайлы ақпаратқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Егер бір уақытта ашылса, әрине, зауыт ашылуына басымдық берер едім. Оның тегі Ернат Бәзіл, ол әкім болып жұмыс істеп жүргеніне үш ай болды, негізі жақсы маман.

Мен оның жеке мейрамхана ашылуына неліктен қатысқанын сұрадым. Ол маған жергілікті кәсіпкер мейрамханаға 500 млн теңге қаражат салғанын айтып, түсіндірді. Ол жергілікті бизнеске қолдау көрсету керегін атап өтті. Мемлекеттік қызметкердің этикасы, моралі сынды дүние – қала әкімінің өзіне ғана байланысты мәселе. Дегенмен өз көзқарасымды білдіріп, келесі жолы мұндай мекеме ашылуына қатыспас бұрын тағы қайталап ойлануға кеңес бердім", – деді ол.

Сондай-ақ журналистер Жетісу облысы әкімінен Талдықорған басшысына бұдан былай мұндай әрекеттерге баруға тыйым салды ма деп сұрады.

"Тыйым сала алмаймын, құқым жоқ, адам, азамат ретінде тек кеңес берген болатынмын", – деп жауап берді ол.

Талдықорған қаласы әкімдігі ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Ерлан Бәзіл еңбек жолын Алматы қаласында "Базис-А корпорациясы" ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде істеді.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

Сондай-ақ ол биыл ақпаннан бері Жетісу облысы әкімінің орынбасары болған.

Ал 2023 жылғы шілдесінен бастап Талдықорған әкімі қызметін атқаруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047464-taldyqorgan-akimi-meiramxana-tusaukeserine-qatysqan-zetisu-oblysy-akimi-pikir-bildirdi/

pixel