Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүргізуші есінен танып қалған": Алматы облысында жасөспірім автобусты тоқтатып, жолаушыларды құтқарды

Опубликовано:

Ақжол Геройдың алғыс хат алған сәті
Ақжол Геройдың алғыс хат алған сәті. Фото: youtube.com/@Khabar24

Алматы облысында жолда келе жатқан автобус жүргізушісі аяқасты есінен танып қалған. Қоғамдық көлікте болған 8-сынып оқушысы Ақжол Герой тез қимылдап, тежегішті басып үлгерген, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға Алматы облысының Өтеген батыр кенті маңында болған. Оқушы тежегішті басып үлгермегенде автобус үйге соғылуы мүмкін еді. Жүргізуші ем қабылдап жатыр.

Автобусты тоқтатқан Ақжол Герой №24 мектеп-лицейде 8 сыныпта оқиды.

Ұстаздары көпбалалы отбасының тұңғышы, мінезі ашық, әрқашан көмекке дайын тұратын бала екенін айтты.

Тілші оқушының атасы 1946 жылы 9 мамырда туғандықтан оған Герой есімі берілгенін жеткізді. "Бұл - батылдықтың, жауапты істің үлгісі" деген облыс әкімі Ақжол Геройға сыйлық тарту етті.

"Мен енді болашақта полиция қызметкері болғым келеді. Адамдарға көмектесіп, ерлік жасағым келеді", - дейді оқушы Ақжол Герой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047557-zurgizusi-esinen-tanyp-qalgan-almaty-oblysynda-zasospirim-avtobusty-toqtatyp-zolausylardy-qutqardy/

pixel