Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында рейстерді тіркеудің жаңа әдісі пайда болады

Опубликовано:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілмек. Жаңа жүйе тест режимінде қараша айының соңында жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Көлік министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайына барды. Ол қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты.

"Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу.

Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге паспорттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады", - делінген хабарламада.

"Халықаралық әуежай" АҚ Басқарма төрағасы құрылған арнайы фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын атап өтті.

Вице-министр бірқатар тапсырма жүктеп, министрліктің әуежай қызметтерін одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екендігін айтты.

Ведомство Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтып жатқанын, Алматы әуежайы 2024 жылдың екінші тоқсанынан бастап JET A-1 авиаотынына көшуге әзір екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047561-astana-auezaiynda-reisterdi-tirkeudin-zana-adisi-paida-bolady/

pixel