jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Батыс Қазақстанда боранда жоғалған ер адамның денесі табылды

Өтуге болмайды
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бірнеше күн бұрын Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауылында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.

Полицейлер ер адамның 22 қарашада жоғалып кеткенін және сол күні ауданда қатты боран болғанын атап өтті.

Марқұм жұмыстан сағат 10:00-де шыққан, алайда, үйіне оралмаған. Оны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды.

Батыс Қазақстанда боранда жоғалған ер адамның денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.