Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде сәбилерді "ұрып-соқты" деген даудан соң жекеменшік балабақша жабылды

Жарияланған күні:

Ойыншықпен ойнап отырған кішкентай бала
Балабақшада ойнап отырған бала. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ақтөбеде “баламды асханада қамап ұстады”, “балалар соққыға жығылды” деп ата-аналар шағымданған жеке балабақша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде балабақшаның еденінде ұйықтап жатқан балаларды видеоға түсіріп, бейнебақылау камерасын тексерген ата-аналар шағымынан кейін мектепке дейінгі білім беретін жеке мекеме жабылып қалды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.

""Амир" балабақшасына қалалық білім бөлімі тарапынан арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмысын жүргізді. Зерделеу жұмыстарының қорытындысында бұл балабақшада мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, жалпы білім және балаға жасалған жағдай бойынша мемлекеттік тапсырыс беруді тоқтату бойынша ұсыным берілді. Құрылтайшы бүгіннен бастап балабақша өз қызметін тоқтатынын хабарлады. Осы балабақшаға мемлекеттік тапсырыспен барып жүрген балалар ата-аналардың келісімімен басқа балабақшаға орналастыру жоспарланып отыр.

Жабу құрылтайшының шешімі. Комиссия мемлекеттік тапсырысты тоқтату туралы шешім шығарған кезде құрылтайшының өзі жабуға шешім қабылдаған. Бұл жеке балабақша, жұмысын тоқтатты",- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Осыған дейін ата-аналардың шағымын жазып алған болатынбыз.

Білім басқармасы ата-аналар арызда көрсеткен көптеген жайларды анықтау мүмкін болмағанын айтты. Себебі балабақшадағы бейнекамера түсірілімін құқыққорғаушылар алған. Бейнематериалдар зерделеніп жатыр.

Қазіргі уақытта жеке балабақшаға қатысты қалалық прокуратура, ішкі істер департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық департаменті де тексеру жүріп жатыр.

Қорытындысы әзірге белгісіз.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047580-aqtobede-sabilerdi-uryp-soqty-degen-daudan-son-zekemensik-balabaqsa-zabyldy/