Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктайғақ, тұман, жел: еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер дүйсенбі, 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, 27 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қарашада таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с.

27 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Астана қаласында 27 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15 м/с жетеді. Жолда көктайғақ күтіледі.

27 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

27 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

27 қарашада түнде және тәнертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

27 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

27 қарашада Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

27 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

27 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047666-koktaigaq-tuman-zel-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel