Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде әйеліне пышақпен шабуылдаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

әйел адам
Әйел адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының сотында Хромтау қаласында банк бөлімшесінде жұмыс істейтін әйеліне шабуыл жасаған тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, ер адам мас күйінде әйелінің жұмыс орнына келіп, пышақпен шабуылдаған. Ол әйелінің кеудесі мен иығына пышақ жарақатын салған. Суық қару сынып, жәбірленушінің иығына қадалып қалған.

Алайда шабуылдаушы бұдан кейін де тоқтамаған: ол әйелін жұдырығымен төмпештеп, артынша қашып кеткен. Оқиғаға әйелінің әріптестері куә болған. Олар жедел жәрдем шақыртқан.

Бастапқыда сотталушы кісі өлтіруге оқталды деп айыпталған, бірақ кейінірек бұл іс бұзақылыққа қайта жіктелген. Сотта жәбірленушінің өзі күйеуінің алкогольге мас болғанын, шөп шегетінін, өзін де және анасын да өлтіремін деп қорқытқанын айтқан. Жәбірленуші жұбайын кешірмей, соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сотталушы әйелін өлтіргісі келмегеніне сендірді, керісінше – ол отбасын сақтап қалғысы келгенін айтты", - деп жазады басылым.

Нәтижесінде ол бұзақылық жасады деген айыппен алты жылға сотталды. Үкім жарияланған кезде ерлі-зайыпты ажырасып қойғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047691-aqtobede-aieline-pysaqpen-sabuyldagan-turgynga-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel