Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Электрмобильдерді Қазақстанға әлі қашанға дейін тегін жеткізуге болады

Опубликовано:

Қуат алып тұрған электркар
Қуат алып тұрған электркар. Фото: Jens Kalaene/Getty Images)

Еуразиялық экономикалық комиссия 2025 жылдың соңына дейін одақ елдеріне электрмобильдерді әкелуге тариф жеңілдігін ұзартуға шешім қабылдады. Мән-жайын NUR.KZ журналистері анықтады.

Қазақстанға электрмобильдерді еркін әкелуге болады және іштен жану қозғалтқыштары бар машиналарға салық салынатын түрлі баждар мен салықтардан босатылған. Бастапқыда жеңілдігі қарастырылған тариф қолданысы 2023 жылдың соңына дейін ғана еді, алайда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кеңесі оның мерзімін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды ұйғарды.

Осылайша қазақстандықтарға елге тиімді шарттармен электрмобильдер жеткізуіне тағы екі жыл беріледі.

"Электрмобильге деген сұранысты ынталандыруға, оларды өндіруге және қуаттау станциялары желісін дамытуға бағытталған басқа шаралармен бірге тариф жеңілдігін қолдану мерзімдерін ұзарту осындай көлік құралдарының кеңінен таралуына ықпал етеді", - деп түсіндірді ЕЭК өз шешімін.

Айта кетейік, электрмен жүретін көліктерді Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары ғана бажсыз әкеле алады. Алайда Ресей азаматтығы бар немесе тұрақты тұрғылықты жері осы елдегі азаматтарға электрмобильдерді иелену, пайдалану және билік ету құқығын беруге рұқсат жоқ.

Электрмобильдерді әкелу үшін жеңілдік беріліп отырған кезеңді ұзарту нарыққа оң әсер етуі мүмкін, бұл өз кезегінде Қазақстан экологиясына да, елдің экономикалық дамуына да пайдасын тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047708-elektrmobilderdi-qazaqstanga-ali-qasanga-deiin-tegin-zetkizuge-bolady/

pixel