Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі жалақысыз қалдық деп шағымданған жұмысшыларға жауап берді

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімдігінің сыртқы жарықтандыруды модернизациялаумен айналысатын жеке серіктес алдында берешегі жоқ. Бұл туралы ведомство Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Әкімдік таратқан хабарламада бұрын сыртқы жарықтандыруды модернизациялаумен айналысқан энергетикалық консорциумға кіретін "ABM-Building 2007" ЖШС алдындағы берешегі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны айтылған.

"Алматы Қала Жарық" ШЖҚ МКК мен жеке әріптес арасындағы өнім беруші тарапынан жұмыстарды орындамауы себебінен келісім шарттық міндеттемелер 2023 жылғы маусымда тоқтатылды. Кейін қазан айында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруды модернизациялау" жобасы бойынша МЖӘ шарт бұзылды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ 2019-2023 жылдар кезеңінде шарт бойынша жеке әріптеске оның инвестициялары мен қызмет көрсету шығындарын өтеу есебінен 26,9 млрд теңге төленгені айтылады. Шарт бойынша төлемдер жеке серіктестің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2023 жылғы шілдеден бастап тоқтатылған. Тиісінше қызметкерлерге жалақы төлеу жауапкершілігі компанияның өзіне жүктелген.

"Келісім шарттың 13.13-тармағына сәйкес орындалған жұмыстардың АҚЖ-мен келісілген актілері орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін негіз болып табылады. 2023 жылғы шілде-тамыз айларындағы актілерге АҚЖ тарапынан орындалған жұмыстардың сапасына қатысты ескертулерге байланысты қол қойылмаған, олар ешқашан жойылмаған. Барлық қарсылықтар келісім шарт талаптарына сәйкес жазбаша түрде рәсімделді", - дейді әкімдік өкілдері.

МЖӘ шартына сәйкес жеке әріптес 2019-2023 жылдар аралығында модернизациялауды аяқтауға тиіс екенін және модернизациялау кестесін орындамағаны үшін инвестицияланған қаржы қаражатын өтеу дерегі бойынша жүргізілгенін қосамыз, дейді қала басшылығы.

"Келісімшарт бойынша жеке серіктес 2019-2023 жылдар аралығында 12,5 млрд теңге инвестициялап, 44 мыңнан астам жарық нүктелерін модернизациялауға тиіс еді. Жеке серіктес 13,5 мың жарық нүктесін жаңартты, яғни келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамады. Әкімдіктің бұрынғы жеке әріптесі алдындағы берешегі жоқ", - дейді әкімдіктегілер.

Биылғы маусым айынан бастап талап-арыз жұмысы басталған, онда ақы төлеу қажет жұмыс фактісі болмаған. Яғни оны қабылдаушы тарап ешқандай құжаттармен растамаған.

Бұған дейін Алматыдағы жарықтандыруға жауапты болған жекеменшік компания жұмысшылары екі ай бойында жалақы ала алмағанын айтып шағымданған. Олардың айтуынша, қыркүйекте Алматы әкімдігі қаланың жарықтандыру мәселесіне назар аударған. Содан кейін қала билігі проблемаға жосықсыз мердігер жауапты екенін айтып, онымен келісімшартты бұзған. Нәтижесінде жұмысшылар қысқартуға ұшыраған, 91 адам екі айлық жалақысын ала алмаған.

Еске салайық, "Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруды модернизациялау" жобасы бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік келісімшарты 2018 жылы 27 млрд-қа жуық сомаға жасалған болатын. Ол кейіннен жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты 43,6 млрд-қа дейін өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047729-almaty-akimdigi-zalaqysyz-qaldyq-dep-sagymdangan-zumyssylarga-zauap-berdi/

pixel