Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі қаласында 5,1 млрд теңгені тиімсіз жұмсау дерегі анықталды

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған ер адам
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызылорда мен Көкшетауда тиімсіз жобалар бойынша 5,1 млрд теңгеге қаржыландыруға жол берілмеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын. Алайда жобаның дұрыс жоспарлануына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған.

ҚМА өңірлік департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларынан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттаған.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңге болған, ал басқа елдімекендерде осыған ұқсас нысандардың құны айтарлықтай төмен екені анықталған.

"Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізуде, үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047736-qazaqstannyn-eki-qalasynda-seneunikter-qazetsiz-zobalarga-5-mlrd-tenge-bolmek-bolgan/

pixel