jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодарда екі жасар сәби маскүнемдікке душар болған

    Сәби
    Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодарда 2,5 жастағы сәби маскүнемдікке душар болған. Бүлдіршін маскүнем анасының әрекетінен зардап шеккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Еріктілердің хабарына қарағанда, отбасының көршілері дабыл қаққан.

    "Баланың маскүнемдікке душар болғанын бәрі біледі, сыра ішеді, арзан шараппен ұйықтатады. Отбасын бірнеше күннен бері бақыладық, қызметкелердің бірі келіп, ұрысып берген соң, кетіп қалды", - дейді еріктілер.

    Оқиға туралы Павлодар облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкерлері аттанған.

    "Шешесі алкогольді ішімдіктерге әуес екені, қызын тәрбиелеумен айналыспайтыны, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамайтыны анықталды. Ювеналды полиция қызметкерлері анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырды", - деп түсіндірді Павлодар облысы ПД өкілдері.

    Қазіргі уақытта бала Сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілген.

    Өңірдің денсаулық сақтау басқармасындағылар қызды дәрігерлер тексеріп, облыстық балалар ауруханасына тексеруге жолдама берілгенін атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.