Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда меморган сайттарының жұмысы қалпына келтірілді

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған ер адам
Ноутбук алдында отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін бірнеше уақыт бойы ашылмай қалған мемлекеттік орган сайттарының жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекеттік органдардың Gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының жұмысы қалпына келтірілді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін қазақстандық министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардың сайттарына кіре алмай қалған еді. Атап айтқанда, gov.kz домені бар сайттар ашылмай қалды.

Алайда президенттің ресми сайты - akorda.kz - әдеттегідей ашылып тұрды, ал премьер-министрдің ресми ресурсы - primeminister.kz - ұзақ уақыт ашылған. Ұлттық банктің nationalbank.kz сайтында кедергілер болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047792-qazaqstanda-memorgan-saittarynyn-zumysy-qalpyna-keltirildi/

pixel