Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мамандар анықталды

Опубликовано:

Қызыл иплом
Диплом. Фото: polisia.kz

"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасына жалған құжатпен қатысқан 12 адам анықталды. Барлығы жеңілдікпен миллиондап ақша алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде талдау жүргізіп, жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталғанын мәлім етті.

"Мәселен, 2021 жылы "К" жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Ал 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан. Осылайша, жеңілдікпен 4,9 млн теңге алды",- деп хабарлады облыстық прокуратура.

Құзырлы орган мәліметінше, осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 "маман" пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.

Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047797-aqmola-oblysynda-zalgan-diplommen-zumys-istegen-mamandar-anyqtaldy/

pixel