Павлодардағы тұрғын үйде өрт шығып, адамдар эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін Павлодардың өрт сөндірушілері бес қабатты үйдегі өрттен 6 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.
ТЖМ мәлеметінше, 27 қарашада сағат 10.16-да 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт болды.
Құтқарушылар 3 ересек адам мен 3 баланы баспалдақпен эвакуациялады.
"Апат медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккен үш адамға көмек көрсетті.
Өрт сағат 10.48-де жойылды", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047835-pavlodardagy-turgyn-uide-ort-boldy-zardap-sekkenderge-komek-korsetildi-video/