Қарағанды облысында 1,5 млн теңге тұратын бәйге атын сойып алған күдіктілер ұсталды
Жарияланған күні:
Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткенін айтып, шағымданған. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-арнасында хабарлады.
Шығын 1 миллион 500 мың теңге болған.
"Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Қылмыстық кодекстің 188-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.
Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047853-qaragandy-oblysynda-15-mln-tenge-turatyn-baige-atyn-soiyp-algan-kudiktiler-ustaldy/