jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды облысында полицейге іздеу жарияланды

Рустам Күлкеев
Рустам Күлкеев. Фото: ktk.kz

Облыстық тергеу департаментінің бұрынғы бастығы Рустам Күлкеевке ұрлық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Рустам Күлкеев 2021 жылы жасалған қылмысқа күдікті ретінде танылған. Сол жылы облыстық полиция департаменінің тергеу басқармасын басқарған.

Қызметтік лауазамын пайдаланып қылмыстық істе айғақтар ретінде алынған майнинг құрылғылаын қолды қылған. Оған басқарманың тағы бір тергеушісі көмектескен делінеді. Екеуі де қазір тергеуге алынған.

Күлкеев кейінгі жұмыс орны Саран қаласы полиция бөлімі бастығы қызметінен екі ай бұрын босатылған. Бірақ айғақтарды қолды қылу ісінде күдікті ретінде тергеу әрекеттерін жүргізуге келмей қалған. Үйінде де жоқ екен. Жақын арада төбе көрсетпесе, оған халықаралық іздеу жарияланатыны айтылады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Қарағанды облысында полицейге іздеу жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.